- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жасалынған: «Экотон +» зауыты пайдаланатын шикізаттардың 97% отандық (ФОТО)
Қазақстанда жасалынған: «Экотон +» зауыты пайдаланатын шикізаттардың 97% отандық (ФОТО)
«Экотон +» АҚ табиғи таза бетон шығарумен айналысатын кәсіпорын. «Экотон +» АҚ зауыты Қазақстанның инновациялық-технологиялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылған және құрылыс нарығындаңы ең жоғарғы талаптарға жауап береді. 2004 жылы зауытты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Еліміздің құрылыс нарығында біздің өнімдеріміз барлық тауарлардың 60 пайызына жетеді»,-деді Е.Рахымбаев.
Оның сөзінше, компанияның алдына әуелден-ақ құрылыс материалдарын сырттан әкелмей, оларды өзімізде өндіру туралы мақсат қойылған болатын.
«Бүгінгі таңда біздің Астана мен Ақтөбеде екі зауытымыз бар. Ақтөбедегісі «Экотон батыс» деп аталады. Біздің өнімдерімізді дайындау барысында цемент, әк, құм, гипс сияқты тек таза табиғи материалдар қоданылады. Біз пайдаланатын шикізаттардың 97 пайызы отандық. Мысалы әкті Павлодардан алсақ, цементті Жамбылдан, құмды Қорғалжың ауданынан жеткіземіз»,-деді Басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, екі зауыт 400 мың текше метр болатын өндіріс қуатына қол жеткізіп отыр.
«2017 жылға таман біз қуатты екі есеге арттырамыз деген ойдамыз. Бұған қоса біз, Қызылорда, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалардан да өзіміздің филиалдарымызды аштық. 2014 жылы Ресейдің Оренбург қаласында да біздің кәсіпорынның өкілдігінің ашылу рәсімі болды. Біз өнімдердің 15 пайызын Ресейге, 5-10 пайызын Қырғызстанға экспорттаймыз»,-деді компания басшысы.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары