Елбасы «Қазақфильм» киностудиясына барды

11 Тамыз, 2015 12:26
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына барды, деп хабарлады Ақорданыңм баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ Елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Так сложились звезды» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақфильм» –  республикамыздың жаңғыртудан кейін сапалы киноөнімдер шығару мүмкіндіктері арта түскен басты киноөндіріс алаңы.  

Барлық жаңалықтар