- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлінді
СҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлінді
«Мемлекеттік саясаттың басты жүйе түзуші бағыты ауқымды әлеуметтік жаңғыру болып табылады. Елбасы ұсынған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясында әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін қалыптастыру маңызды сәттердің бірі болып табылады. «Жұмыспен қамту-2020» жалпы мемлекеттік бағдарламасы осыған бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгнен болатын. Биылғы жылы шамамен 1,5 есеге артық - 3 млрд теңгеден астам», - деп атап өтті өңір басшысы Серік Біләлов белсенділердің салтанатты жиынында сөйлеген сөзінде.
Бағдарлама шеңберінде кәсіби оқытуға биылғы жылы 500 адам жіберілді, оқу аяқталған соң 400-ден астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1235 бағдарламаға қатысушы орналастырылды. Жастар тәжірибесіне 1255 адам жолданды.
«Келесі жылдан бастап облысымыз «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша ілкі жобаны жүзеге асыра бастайды. Негізінен, өзгертулер бағдарламаға жұмыс берушілердің қатысуын арттыруға байланысты болмақ. Енді жұмыс беруші оның болашақ жұмыскері қайда және қалай білім алуы керек екенін өзі шешетін болады. Бұрын бұл мәселелер тек мемлекеттік органдарға жүктелген болатын» - деді Серік Біләлов.
Үшінші бағыт бойынша 2013 жылы сондай-ақ жұмыс берушілердің қатысуымен қызметтік баспана салу жоспарлануда. Бұл ретте қосымша қаржыландыру баспана құнының 10%-нан кем болмайды.
«Біз Петропавлда әрқайсысы 100 орындық 2 жатақхана салуды жоспарлап отырмыз. Жастарға жатақханадан орын беру еңбек шартының міндетті түрде болуы және тұрғын үц жинақ жүйесіне қатысуы жағдайында жүзеге асырылады», - деді өңір басшысы.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын