- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда осымен 19 Зияткерлік мектебі ашылды
Қазақстанда осымен 19 Зияткерлік мектебі ашылды
Аталып өткендей, 19 мектеп – Алматы қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі 960 оқушыға арналып салынды. 9 блоктан құралған мектепте соңғы үлгідегі мектеп жабдықтарымен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан. Дәстүрлі оқу қабинеттері мен хертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерінің кеңейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сәйкес жасалған.
Мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мектептің басқа Зияткерлік мектептерден тағы бір айырмашылығы – әр түрлі бағыттағы техникалық үйірмелер жүргізілетін технотория зертханалары. Мектеп орналасқан ауданда тұратын оқушылар аталған үйірмелерге келіп қатысуларына болады.
Школа оснащена новейшими компьютерными системами, мультимедийными кабинетами, Мектеп жаңа компьютерлік жүйелермен, оқушыларға тиімді білім берумен қатар, мұғалімге де оқу үрдісін тиімді басқаруға қажетті заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды такталар, жоғары жылдамдықты интернет, инновациялық бағдарламалардың құралдары қойылған мультимедиялық кабинеттермен жабдықтандырылған.
3 залдан тұратын мектеп кітапханасын да ерекше атап өтуге болады. Кітапхана қоры оқу-әдістемелік құралдар, классикалық және көркем әдебиеттер, отандық басылымдар, медиатекамен толықтырылған. Кітапхана оқушылар ізденіс, ақпараттарды талдау жұмыстарын жүргізе алатын ақпараттық орталық ретінде қарастырылған.
Мектептегі спорттық блокта үлкен және кіші спорт залдары, жаттығу залы және хореография залы бар. Мектеп алаңында футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаңқайлар, теннис, жеңіл атлетика алаңдары және балалардың демалыс аймағынан тұратын заманауи спорт кешені орналасқан.
Кең әрі көп атқарымды 480 орындақ акт залы, 100 орындық дәрісхана және 50 орындық конференция залы мектепте түрлі іс-шараларды өткізуге арналған.
Оқушылар 500 орындық 2 үлкен асханада тамақтанатын болады.
Жатақхана корпусы Алматы қаласындағы екі Зияткерлік мектептің 270 оқушысын қамтиды.
Қазіргі таңда бұл мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Өркен» Білім грантының 790 иегері білім алады. Конкурстан өткен 7-8 сынып оқушыларының орташа балы – 1000- нан 819-646 аралығында болса, 9-10 сынып оқушыларының жинаған орташа балы ең жоғарғы 60 балдан 28,6-23,4 аралығында болды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына конкурстан іріктеліп алынған республиканың 140 үздік мұғалімі сабақ жүргізеді.
Сонымен қатар, Алматы қаласында ашылғалы отырған химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп жоғары оқу орындарымен байланыста жұмыс атқаратын болады, мектепте ғалымдар мен мұғалімдердің бірлескен «Ғылым әлемін ашамыз!» жобасы іске асырылады. Бұл жоба оқушылардың өнертапқыштық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, болашақ жас ғалымдарға өзіндік жеке ғылыми жобаларын жасауға бағыт береді.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды