- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жастардың рөлі талқыланды
Қызылордада Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жастардың рөлі талқыланды
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырудағы жастардың рөлі туралы дөңгелек үстел барысында әңгімеледі.
Дөңгелек үстел барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Батырбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы - мемлекеттік қызмет көрсетулерді қамтамасыз етіп, сапалы деңгейде экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыра алатын кәсіби мемлекеттік аппаратты құру аспектілерін түсіндірді.
Ол атап өткендей, институционалдық реформалар мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясатты өзгертуге, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшуге, жалпы мемлекеттік қызметтің тиімді жұмысын реттеуге жағдай туғызады.
«Біздің Президент Н.Ә.Назарабев айтып өткендей, мемлекеттік қызметтерге тек ең адал, дарынды және дайындалған азаматтар келе алады, ал олардың еңбекақысы жұмыс сапасына байланысты болады. Бұл дегеніміз, өте мықты бәсекелестік болады және тек үздіктер мемлекеттік қызметке түседі және қалады, – деп атап өтті А.Батырбаев.
Дөңгелек үстел барысындағы түсіндірмелер мен пікірлерді қорытындылай келе, жастар өмірлік жолын, оқу, кәсіби мансап таңдауда жас ұрпақ үшін бірдей мүмкіндіктер құрылуын ерекше тоқталып, өте көптеген жағдайлар олардың бей-жай еместігінен, белсенділігіне байланысты екендігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері