• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР мен БАӘ ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

ҚР мен БАӘ ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

11 Тамыз, 2015 10:01
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Ведомстводан хабарлағандай, қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАӘ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрінің орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды.

«Құжат екі ел арасындағы ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталған. БАӘ Қазақстан үшін тірі жануарлар мен оның өнімдерін, сондай-ақ азықтық дақылдарды экспорттауға мүмкіндік беруде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сапар барысында делегация мүшелері еліміздің мал шаруашылығы кешендерін аралап, ветеринариялық ұйымдардың жұмыстарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Париж қаласында 2015 жылдың  24 мамыр мен 31 мамыр аралығында 180 қатысушы мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 83-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды.

Барлық жаңалықтар