«Boom-Boom 2015» би фестивалінің қорытындысы жасалды (ФОТО)

10 Тамыз, 2015 20:42
Алматы облысы Талдықорған қаласының орталық алаңында «Boom-Boom 2015» фестивалі өтті, онда UK BBOY CHAMPIONSHIP-2015 әлем чемпионатына іріктеу жасалды. Аталмыш жарыс Қазақстанда алғаш рет өтікізілді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Аталып өткендей, фестивальді облыстық жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма, «Жас Отан»ЖҚ облыстық филиалы, жастар саясаты орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бишілер қатысты.

«Шара мақсаты – жастар арасында шығармашылық алмасу», - делінген хабарламада.

Сонымен, фестиваль жеңімпазы Астанадан келген «Twenty Three Style» би тобы атанды, енді олар Қазақстанның намысын Ұлыбританияда қорғайтын болады. 

Барлық жаңалықтар