- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Қыс маусымына дайындалу – біздің жұмысымыздағы басты мәселе
Ә. Жақсыбеков: Қыс маусымына дайындалу – біздің жұмысымыздағы басты мәселе
Жиналыс барысында қалалық құрылымдардың басшылары елорда әкіміне Астана энергокешенінің, тұрғын үй қоры, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы жөнінде есеп берді.
Астана әкімі қаланың климаттық ерекшелігін ескерсе, қыс маусымы ұзаққа созылатындығына баса назар аударды. Сондықтан, тұрғындар мен қала қонақтарының қысқы бос уақыттарын ұйымдастыру мен елорданың қысқы безендірілуіне көп көңіл бөлу керектігін айтты. Атап айтқанда, қала саябақтарында шаңғы жолдары, аулаларда мұз алаңдары мен хоккей алаңдары, қала аудандарында қысқы қалашықтардың жасалуы керектігін ескертті.
«Қыс маусымына дайындалу – біздің жұмысымыздағы басты мәселе. Қаланың құзіретті құрылымдары бұл мәселеге жіті назар аударулары қажет», - деді әкім.
Астананың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындығына тоқтала отырып, қала басшысы Астананың халықаралық байланыстарын кеңейту керектігін сөз етті.
«Ұлттық компания басшылығының ауысқанына қарамастан, әкімдіктің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстарының жүйесі өзгермейді. Бұған дейін мен жақын орналасқан қалалар мен аймақтарға ресми сапарлар жасау мәселесін шешіп, оларды ақпараттандыру және көрмеге тартуды жүзеге асыруды тапсырған болатынмын. Бұл әкімдіктің ресми шарасы, оларды ЭКСПО көрмесін насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады», - деді қала басшысы.
Осыған орай, әкім елорданың іскер және мәдени ортасының халықаралық шараларға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиын барысында елордадағы жол жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол асты және жол үсті өту орындарының жағдайы талқыланды.
Автомобиль жолдарының жағдайына тоқтала кете, қала басшысы олардың сапасыздығы қоғамдық көлік модернцизациясына кері әсерін тигізетінін айтты.
«Қала тұрғындары Астананың жолдарымен күнделікті қатынап, жолдардың сапасыздығына көп сын айтады. Жолдардың жағдайы сәйкес деңгейде болмағасын күнделікті ондаған автобустарды жөндеуге тура келеді», - деді әкім.
Қаладағы тағы бір түйткілді мәселелердің бірі - жаяу жүргіншілерге арналған жол асты өту орындары болып табылады. Атап айтқанда, әкім ол жерлердегі заңсыз сауданың жүргізілетіндігіне және жол асты өту орындары жағдайының нашарлығына назар аударды.
Ә. Жақсыбеков қаланың перспективті жоспарында жаяу жүргіншілерге арналған 19 жол асты және жол үсті өту орындарының құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Олардың 18-і ЛРТ жолақтарын салу желісі бойынша жүзеге асырылмақ. Осы орайда әкім Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана ЛРТ» АҚ-на қаладағы барлық нысандарды тексеру жұмыстарын, олардың жарамдылығын анықтау шараларын өткізуді тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция