• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-ның агроқұрылымдары гектарынан 15 ц деңгейінде өнім алуға үміт артып отыр – әкімдік

СҚО-ның агроқұрылымдары гектарынан 15 ц деңгейінде өнім алуға үміт артып отыр – әкімдік

10 Тамыз, 2015 18:17
СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Қызыжар ауданындағы «Якорь СК»ЖШС мен «Митронин» ЖШС агроқұрылымдарының егіс алқаптарын аралап, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, өңір басшысы агроқұрылымдардың басшыларынан алдағы егін жинау науқанына дайындық барысын сұрады.

 «Якорь СК» ЖШС егін жинау науқанын 20 тамыздан кейін бастауды жоспарлап отыр. Компания басшысы Владимир Очеретенконың айтуынша, бүгінде техника дайын, тіпті жанар-жағармай қоры да жасақталған.

Ал, «Митронин» ЖШС-ның егілген егін алаңы 2200 га құрады. Компания құрылтайшысы Кирилл Митрониннің айтуынша, биыл түсім мол болмақ.  Уақытылы химиялық өңдеумен астықты сақтап қалуға мүмкін болды.

Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында егін алқабы 4 млн 400 га алды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 19 мың га асты. Өңірдің агроқұрылымдары гектарынан 15 ц деңгейінде өнім алуға үміт артып отыр. 

Барлық жаңалықтар