- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл басынан бері 55 мыңға жуық қазақстандық қоғамдық жұмыстарға тартылды – ҚР ДСӘДМ
Қазақстанда жыл басынан бері 55 мыңға жуық қазақстандық қоғамдық жұмыстарға тартылды – ҚР ДСӘДМ
Ведомстводан атап өткендей, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, қатысушылардың саны 1042-ге артық.
«Қоғамдық жұмыстар келесі аймақтарда жұмыспен қамтудың кең таралған шараларының бірі болып есептеледі: Оңтүстік Қазақстан облысы – 5,2 мың адам, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 4,7 мың, 4,5 мың және 4,4 мың адамды құрап отыр», - делінген хабарламада.
Ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға біліктілігі аз, қосымша және қосалқы жұмыстар жатады. Олар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру, орманды бақтар, демалыс орындары мен туризмді дамыту және қамқорлыққа алу; ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, қайта өңдеу және сақтау, ауылшаруашылық жұмыстары; тұрғын үй қорының құрылысы мен қайта құру жұмыстары, тарихи-сәулеттік ескерткіштер мен қорық аймақтарын қалпына келтіру; автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану; аулалардың аумақтарын көріктендіруді, кіреберістер тазалығын, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын т.б. пайдалану.
Хабарланғандай, Қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардың 33%-ы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала, ауылдық елді-мекендер аумағын тазалауға көмектесті. 27%-ға жуық азаматтар аймақтарды экологиялық сауықтыру шараларына (абаттандыру мен көріктендіру) қатысты. Өзгелері құрылыс және ауылшаруашылық жұмыстарына, автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану істеріне жұмылдырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 17,7 мың әйел адам қатысты. Бұл жалпы көрсеткіштің 30%-ға жуығын қамтыса, 4,6 мың адам (9%) табысы аз азаматтар, 28,4 мың (52%) 1 жылдан астам жұмыссыз отырғандар азаматтарды құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырып, бюджет есебінен және жұмыс берушілердің өтініші бойынша берілетін қаражат негізінде қаржыландырылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты