- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде «Ата заңға адал» патриоттық акциясы басталды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінде «Ата заңға адал» патриоттық акциясы басталды (ФОТО)
ҚР ҚМ хабарлағандай, Акцияның басты мақсаты – мемлекеттің негізгі Заңын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны құрметтеу дәстүрін нығайту. Іс-шара Қарағанды қаласында бастау алды, онда акцияға әскери қызметшілер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.
«Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша біз ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық гарнизондарында боламыз, бұл дегеніміз ҚР ҚК 70%, 30-дан астам гарнизон. Науқан Қарулы Күштер ауқымында алғаш рет өткізіліп отыр. Конституцияның 20 жылдығына арналған ауыспалы вымпел ҚР Қарулы Күштерінің барлық гарнизондары бойынша өтеді», - деді құттықтау сөзінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
Гарпнзондарда өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектері мен әскери бөлімдер қолбасшылығының Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің тұрып жатқан жерлеріне баруы, оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтауы, мемлекеттің құрылуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан қалалардың құрметті ақсақалдарымен жеке құрамның кездесуі өтеді. Одан басқа, қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді мадақтау және марапаттау, «Үздік жас отбасы», Жауынгерлік сайыстың озаты», «Үздік аға тәлімгер», «Үздік кіші командир» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау, сондай-ақ көркемөнерпаздардың мерекелік концерті өткізіледі.
Айта кетерлік жайт, Қарағандыдан кейін науқан Ақтау (12 тамызда), Шымкент (18 тамызда) қалаларында өтетінін және Өскеменде (24 тамызда) аяқталады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды