- Басты
- Неміс велосипедші ЭКСПО-2017 көрме кешенін аралады
Неміс велосипедші ЭКСПО-2017 көрме кешенін аралады

Шілденің басында ол туған қаласы Билефельдтен (Германия) шығып, Астанаға дейінгі 5200 шақырымдық жолды жарыс велосипедімен жүріп өтті, деп ұлттық компаниядан хабарлады.
ФолькерШтювеЭКСПО-2017 көрмесінің салынып жатқан нысандарымен танысып, көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы» туралы көбірек мағлұмат алу үшін осы саяхатқа шығуға бел буды. 40 күнге созылған өзінің саяхатын велосипедші 4 шілде күні RTS компаниясының Билефельдтегі штаб-пәтерінен бастап, Балтық елдері, Ресей мен Қазақстанның аумағын жарыс велосипеді көмегімен жүріп өтті.Веложарыстың соңғы 100 шақырымында Штювеге оның әріптесі, RTS компаниясының басшысы Дирк Шаумбург қосылды.
Велосипедшілер«Екатеринбург-Астана» тасжолында оларды қарсы алған велошабандоздар делегациясымен бірге құрылыс алаңына жетті.
«Біз сізді ЭКСПО-2017 аумағында қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз. Сіз экологиялық таза көлік және жасыл технологиялар дәуірі басталғаныныңжарқынүлгісін көрсетіп отырсыз және де ЭКСПО-2017 көрмесі тәжірибе алмасу мен инновациялық жетістіктерді көрсетуге арналған жаһандық алаңға айналатын болады», - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілі Сәуле Бөлебаева.
Құрылыс алаңында қонақтарға құрылыс қарқыны туралы мағлұмат беріліп, көрменің негізгі нысандарына экскурсия өткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
«Жылы қарсы алып, экскурсия өткізгендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазірдің өзінде ЭКСПО-2017 жобасы өзінің ауқымымен және мақсаты биік жоспарларымен таңқалдыруда. Сондықтан маған нысандарды 2017 жылы салынып біткен күйде көру аса қызықты болып отыр. Үлкен жұмыс атқарылуда, алда атқарар қыруар шаруа тұр, алайда мен оның нәтижесі күткеннен де асып түсетініне сенімдімін. Құрылыс алаңымен танысқаннан кейін, мен Қазақстанның құрылыс барысында энергия тиімділігіне және экологиялық таза өнім мен технологияларды қолдануға үлкен көңіл бөліп отырғанына көз жеткіздім. 2017 жылы Астанаға отбасымен бірге келемін», - деді Ф.Штюве.
ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясы» ұранымен өткізіліп отырғандықтан, Ф. Штюве веложарыс экологиялық таза технологияларды қолдануға оның жеке өзінің қосып отырған үлесі деп есептейді.
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды
-
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды
-
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды
-
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы инфекциялық стационарды онлайн түрде аралады
-
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады
-
Сенатта Денсаулық туралы кодекс жобасы қаралады
-
Шөкеев Арыстағы жаңа құрылыс алаңдарын аралады
-
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО)
-
Б.Сапарбаев тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандарды аралады
-
Сенатта агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялық жобалар тарту мәселелері талқыланды
-
Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады
-
Вице-премьер Б.Сапарбаев Жаңаөзендегі бірнеше әлеуметтік нысанды аралады
-
«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда

