• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан-Қырғызстан кедендік шекарасында 12 тамызда кедендік бақылау бекеттері алынып тасталады

Қазақстан-Қырғызстан кедендік шекарасында 12 тамызда кедендік бақылау бекеттері алынып тасталады

10 Тамыз, 2015 16:11
Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі аясында мемлекеттік шекараның ашылу рәсімі 12 тамызда өтеді, деп хабарлады Астана қаласы кірістер департаменті.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы шартқа 2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қойылған. Шартқа сәйкес ол депозитарий дипломатиялық арналар бойынша елдердің ратификациялау туралы мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.

2015 жылдың 6 тамызынан бастап Қырғызстанның Еуразия Экономикалық Одаққа мүше ретінде қосылды. Енді Қырғызстан Армения, Белоруссия, Қазақстан және Ресейден кейінгі бесінші мемлекет болып ЕЭЫО қосылды. Өткен аптада Қазақстанда Қырғызстанның қосылуы бойынша барлық ратификациялық рәсімдер аяқталды. Тиісті құжаттар пакеті мен Қазақстанның нотасы ЕЭК-ке жіберілді.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жою туралы рәсімдерді жүргізуге байланысты 12 тамызда сағат 8.00 минуттан 13.00 минутқа дейін қырғыздың «Ақжол-автожол» өткізу пунктінде қырғыздық-қазақстандық мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктерді шекаралық бақылауды жүзеге асыру уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ведомство.

Кедендік одаққа енгенімізге 5 жылдай уақыт өтті. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа биыл кірдік. Осы бірлестікке мүше мемлекеттер арасында 14 мың тауарға нөлдік кеден тарифы бекітілген.

Қырғыз елі өз нарығын қорғау мақсатында, біраз қауіпсіздік шараларын қарастырған. Яғни қырғыз еліне импортталатын тауарлар төмендетілген баж салығымен тасымалданады. Ал өзге мемлекеттерге шығарылғанда қосымша кедендік ставкалар төленуі қажет.

Барлық жаңалықтар