• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын қайта құру жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын қайта құру жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады

10 Тамыз, 2015 15:23
«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын қайта құру жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов.

«Елбасының тапсырмасы бойынша ұзындығы 470 шақырым«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды, оның ішінде 300 шақырымда «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде  240 км қозғалыс ашық. Тек осы жетістік қана жергілікті тұрғындарға алыс жолға автомобильмен шығуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сарапшылар бүгіннің өзінде коммерциялық тасымалдың артқанын байқап отыр», - деді ол.  

Аймақ әкімдігінің мәліметі бойынша жоспарланған жұмыс 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Құрылыстың жалпы құны 83 млрд теңгені құрады.

«Алда облыстың автожол торабын одаен ары дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар. Ал, бюджет пен басшылықтың оларды қолдауы бойынша еш мәселе туындап отырған жоқ», - деп түйді Т.Спанов.

Барлық жаңалықтар