• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Бейсенғалиев: «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ өз компанияларын екі есе қысқартуды жоспарлауда

Б.Бейсенғалиев: «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ өз компанияларын екі есе қысқартуды жоспарлауда

10 Тамыз, 2015 11:27
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Самұрық -Қазына» ұлттық әл-аухат қоры»АҚ өз компанияларын екі есе қысқартады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Басқару деңгейін қысқарту жоспарлануда. Бүгінде бізде басқарудың 9 деңгейі бар. Сондықтан біз басқару деңгейін 9 –дан 4-ке дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қысқарту қордың компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар санына да қатысты», - деп хабарлады Б. Бейсенғалиев.

Өз сөзінде спикер атап өткендей, Елбасы тапсырмасы бойынша компаниялар екі есе қысқартылады.

«Компаниялар санын қысқарту деген, компаниялар қысқарып, адамдар жұмыстан шығарылады дегенді білдірмейді. Үлкен жұмыс жүргзіледі, үлкен зерттеулер жүргізіліп нарыққа еркін жіберуге болатын жобалар нарықтық шарттармен саудағы шығарылады және олар өз жұмыстарын өз бетінше жалғастыра алатын болады», - деп түсіндірді Б.Бейсенғалиев.

Барлық жаңалықтар