Қазақстанға 10 трансұлттық компанияны тарту – тиімді - сарапшы (ВИДЕО)

10 Тамыз, 2015 12:28
Қазақстанға кем дегенде 10 трансұлттық компанияны (ТҰК) тарту өте тиімді, деді Еуразиялық интеграция институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Strategy2050.kz» АА-ның студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.

«Егер, Ұлт жоспары 100 қадамы қарастыратын болсақ, ондағы 50 қадам экономика мен әлеуметтік салада жасалуы керек. Бұл «индустрияландыру мен экономикалық өсімнің» маңызын білдіреді. ҚР Президенті өзінің танымал «экономика, сосын саясат» формуласына түзетулер енгізді, менің ойымша ол дұрыс», - деді В.Тельнов.

Сарапшы атап өткендей, Жапония, Қытай, Индонезия, Малазия, Сингапурдың тәжірибесі мемлекет инновациядағы алға ілгерушілікті өз мойнына алу керек екендігін дәлелдей түсті.

«Тарнсұлттық компанияларды (ТҰК) тарту өте тиімді. Ұлт жоспарының 55 қадамында қайта өңдеу саласына кем дегенде 55 ТҰК тарту аталып өтілген. Көптеген тауарларды Австралия, АҚШ елдерінде өніду, содан кейін алып келу тиімді емес. Дұрысы, өндірістік түйін құру, технология беру және осында тауар өндіру» - деп толықтырды ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар