ЕХӘҚМ қызметкерлері қан тапсыру туралы кампания жұмысына қатысты

23 Қазан, 2013 16:50
Бүгін, 23 қазан күні «Донор қанының күні» акциясы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қан тапсыру бойынша эвент-кампания ұйымдастырды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі қатысушылардың барлығы өз азаматтық позициясын көрсетіп отыр. Донор көмегі Қазақстанның көмекке зәру болып отырған кез келген тұрғынына көрсетіледі», - деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді.

Акция қорытындысы бойынша астаналық Қан банкісіне 45 летр қан тапсырылды.

Айта кетейік, акция халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орайластырылды.

 

Барлық жаңалықтар