• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: «Аврора» өндірістік кешені 40-тан астам препараттың шығарылымын жолға қойды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ИИДМБ: «Аврора» өндірістік кешені 40-тан астам препараттың шығарылымын жолға қойды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

10 Тамыз, 2015 19:06
«Аврора» өндірістік кешені 40-тан астам препараттың шығарлымын тіркеді және жолға қойды, деп хабарлады «NADLoC» жергілікті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ «Аврора» ӨК-ге сілтеме жасай отырып, Strategy2050.kz АА-ға.

«Аврора» өндірістік кешені медициналық ұйымдардың, коммуналдық мекемелердің, тамақ өнеркәсібінің қажеттілігіне арналған  залалсыздандыратын және антисептикалық дәрілер шығаратын отандық зауыт.  2012 жылдан бері 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемалі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып келеді», - делінген NADLoC-тың хабарламасында.   

Агенттіктің мәліметі бойынша, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10,8 мың тоннаны құрайды.

«Өндіріске тартылған инвестиция құны 970 000 000 теңгеден астам соманы құрайды.  Кешен 40-тан астам препаратты тіркеп, олардың шығарылымын жолға қойды.  Кәсіпорын Орталық Азиядағы залалсыздандыратын құралдар өндірісі бойынша ең ірі және заманауи зауыт болып табылады, сондай-ақ ТМД-дағы ірі зауыттардың бірі.  Компанияның басты міндеті - ұқсас өнімдердің импортын алмастыру», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда зауыт жаңа рецептураларды әзірлеу бойынша Германияның, Ресей мен Белоруссияның жетекші ҒЗИ-мен тығыз байланыс орнатқан.  Залалсыздандыратын дәрілердің өндірісіне қажет шикізатты жеткізушілер - Akzonobel, BASF, Huntsman, Clariant секілді жетекші еуропалық химиялық концерндер.

Аталып өткендей, 2014 жылы Ресей Федерациясының 15 өңірінде өзіндік сауда желісінің филиалдары ашылды. Қазіргі таңда Ресейге 300 тоннадан астам өнім жөнелтілді. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар