Оралда 25 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері тіркелген – әкімдік

10 Тамыз, 2015 12:43
2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойныша Оралда 28 398 шағын бизнес субъектілері тіркелген, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлік жайт, тіркелген бизнес субъектілерінің ішіндегі белсендісі 25 184 дана, бұл дегеніңіз жалпы көлемнің  89%. 2014 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда өсім 4,5% құрады.

Оларда жұмыс істеп жатқандардың саны 41 646 адам, 2014 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда өсім 0,2% көрсетті.

Өндірілген өнім көлемі 35,1 млрд теңге болса, 2014 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда өсім 3,8%.

«Мемлекеттік бюджетке шағын және орта бизнес субъектілерінің төлеген салығының сомасы 7 049,2 млн теңгені құрады, оның ішінде 2 467,2 млн теңге жергілікті қазына қорына жіберілді», – делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар