• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ӘТК әскери теңізшілері «Каспий теңізі – 2015» байқауының екінші орнында (ФОТО)

Қазақстан ӘТК әскери теңізшілері «Каспий теңізі – 2015» байқауының екінші орнында (ФОТО)

10 Тамыз, 2015 11:03
«Каспий теңізі – 2015» байқауының бірінші қорытындысы белгілі болды. Алғашқы жауынгерлік оқ атулардың нәтижелері бойынша «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы екінші орынға табан тіреді, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әскери теңізшілеріміздің командасын аз ғана ұпаймен «Град Свияжск» шағын артиллериялық кораблінде ресейлік теңізшілер озып кетті. Үшінші орында Әзірбайжанның ӘТК «G-124» корабілінің экипажы.

Жеребеге сәйкес жауынгерлік міндетті  бірінші болып орындау күрделі тапсырмасы біздің командаға бұйырды. Екінші болып Ресейдің, үшінші Әзірбайжан ӘТК теңізшілері еріп жүрді.

Байқау ережелері бойынша әрбір корабль 12 торап жылдамдығында берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтуі тиіс. Содан кейін белгі бойынша күту ауданынан жауынгерлік жаттығуларды орындау секторына көшіп, жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі әуе нысанасын, жүзбелі мина мен шағын көлемді теңіз нысанасын барынша дәл жоюды жүзеге асырады. Оқ атуларды аяқтап, мәре шебіне көшеді.

Тапсырманы орындау кезінде теңізшілеріміз мина сызбанұсқасы бойынша оқ атуда үздік болып табылды. Олар төрт рет нысананы сәтті жойды, ресейлік теңізшілер нысананы үш рет жойса, Әзірбайжан ӘТК командасы нысанаға тигізген жоқ.

Бұл байқаудың бірінші қорытындысы ғана екенін атап өткен жөн. Каспий теңізіндегі шайқас жалғасуда. Теңізшілеріміздің өзге айналымдарда қосымша ұпай жинап, сайыс көшбасшысы болуға уақыты бар.

Барлық жаңалықтар