Астанада Көпфункцоналды мұз сарайы ашылды

10 Тамыз, 2015 10:13
Астанада Көпфункционалды мұз сарайы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» шайбалы хоккейден VI халықаралық турнирдің ашылуы өтті.

Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин мен Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель жаңа хоккей аренасында алғашқы шайбаны лақтырды.

«Сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған Мұз айдынының ашылуымен құттықтаймын. Асталмыш нысанмен Астананың өзгеде спорт нысандары қазақстандық спорттың, оның ішінде шайбалы хоккейдің дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», - деді А.Мамин.

Шоу бағдарлама аясында қазақстандық эстраданың жұлдыздары өнер көрсетті.

 Айта кетерлік жайт, жаңа көпфункционалды мұз айдыны – бұл құрамында негізгі мұз айдыны, жеке алаңы бар хоккей академиясы, олимпиадалық жүзу бассейні және суға секіруге арналған бассейні бар ерекше спорттық нысан болып табылады. Ол футбол аренасы, ат жарыс стадионы және велотрек жанында орналасқан.

Сонымен қатар, «Барыстың» үй аренасы Астананың спорттық кластерін кеңейтті. Аренаның сыйымдылығы: 11 578 адам, соның ішінде, 744 VIP-орын және ойын алаңы көрінетін панорамдық әйнегі бар мейрамханадағы 288 орын. Хоккей командалары үшін 7 киім шешетін орын қарастырылған.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар