Елбасы Б. Атамқұловты ОҚО-ның әкімі қызметіне тағайындады

10 Тамыз, 2015 08:37
Елбасы Бейбіт Атамқұловты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген жарлықтың мәтінінде.

Мемлекет Басшысының Өкімімен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар