- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Барлық деңгейдегі әкімдердің міндеті - қолда бар қаражаттың пайдалану тиімділігін арттыру
Н. Назарбаев: Барлық деңгейдегі әкімдердің міндеті - қолда бар қаражаттың пайдалану тиімділігін арттыру
Қазақстан Президенті атап өткендей, бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарылған, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатыр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев А.Мырзахметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып саналатын «Нұр Отан» партиясының басшылығында қажет екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы облыстың дамуына дәстүрлі түрде зор көңіл бөлінетініне, оның басшысына айрықша жауапкершілік жүктелетініне назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңір активімен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың жаңа әкімін таныстырды. Мемлекет басшысы Б.Атамқұловтың түрлі басқару салаларындағы жұмыс тәжірибесін, білім деңгейінің жоғарылығын атап өтті және өңірдің алдына қойған міндеттерді оның игере алатынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы ахуалдың күрделенуіне байланысты қолда бар қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға басымдық берілетінін, бұл барлық деңгейдегі әкімдердің міндеті екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, республикада дағдарыстық құбылыстарды еңсеру үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру экономиканың орнықтылығын күшейтуге, шикізаттың әлемдік бағасына тәуелділікті азайтуға, шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға бағытталғанын айтты. «Нұрлы жол» бағдарламасы да дағдарысқа қарсы саясаттың ілкімді құралы болып саналады.
Қазақстан Президенті облыстың әлеуетін жүзеге асыру керектігін атай отырып, бірқатар негізгі міндеттер қойды. Олардың қатарында табиғи ресурстарды пайдалануды қоса алғанда, өнерекәсіпті дамыту, уран кластерін қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі үшін жағдайды одан әрі жақсарту, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру және пайдаланылмайтын жер алқаптарын азайту мәселелері бар.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік өзекті, соның ішінде үш ауысымдық мектептерді жою, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту аясын ұлғайту мәселелерін шешу ісін жалғастыруды тапсырды, бірақ бұл ретте шығыстардың орнымен жұмсалу қағидатын ұстану кажеттігін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады