• Басты
  • ҚР ҚК Әскери полициясының үздік әскери қызметшілері марапатталды (ФОТО)
8 Тамыз, 2015 15:59

ҚР ҚК Әскери полициясының үздік әскери қызметшілері марапатталды (ФОТО)

2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚР ҚМ Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының үлгілі әскери қызметшілері марапатталды, деп хабарлады әскери ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР ҚК Әскери полициясының үздік әскери қызметшілері марапатталды (ФОТО)

«ҚР ҚМ бойынша үздік кезекші» және «Үздік аға маман» аталымдарында капитан Амангелді Әркенов пен аға сержант Қуаныш Данаев марапатқа ие болды.  «Техникалық күзет құралдарының үздік маманы» аталымында аға сержант Медет Азмағамбетов марапатталса, ал үздік күзет бөлімі капитан Нүркен Қасымбаевтың басшылық етуімен 1-ші күзет бөлімі болып аталды. 

Үлгілі әскери қызметшілер ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімовтің қолынан құрмет грамоталарын алды. Сөз сөйлеуде ол күзет бөлімшелері жасақты бірнеше рет жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру шеңберінде жауынгерлік машықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Соңында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚР ҚМ Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының жауынгерлік қызмет қорытындысы шығарылды.

«Өткен жарты жыл ішінде жасақ ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы және ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы қойған тапсырмаларды толық көлемде орындады.  Әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі ұдайы жетілдіріледі және қазір жеткілікті жоғары деңгейде тұр», - деді жасақ бастығы подполковник Ерік Бәкірбаев.

Барлық жаңалықтар