• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: «Нұр Отан» партиясы 5 институционалды реформаны жүзеге асыруда маңызды рөлге ие

Н. Назарбаев: «Нұр Отан» партиясы 5 институционалды реформаны жүзеге асыруда маңызды рөлге ие

8 Тамыз, 2015 12:29
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Елбасы үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты және партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев біртіндеп орталықсыздандыру және өкілеттіктерді жергілікті жерлерге беру жағдайында партияның өңірлерді басқару тәжірибесі бар кадрларға мұқтаждығы арта түсетінін айтты.

Сонымен қатар,  Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Бес институционалдық реформаны белсенді жүзеге асыру кезеңі басталғанын және бұл жұмыста «Нұр Отан» партиясы маңызды рөлге ие екенін, соған байланысты оның қызметін барлық негізгі бағыттарда күшейту қажеттігін атап көрсетті. 

Барлық жаңалықтар