• Басты
  • «Нұрлы жол» аясында Ақтөбеде 3,98 млрд теңгеге құрылыс нысандары салынуда
8 Тамыз, 2015 15:32

«Нұрлы жол» аясында Ақтөбеде 3,98 млрд теңгеге құрылыс нысандары салынуда

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында жалпы құны 3,98 млрд. теңгені құрайтын бірнеше бағыт бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Бұл 4 білім беру, инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы объектілері, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Нұрлы жол» аясында Ақтөбеде 3,98 млрд теңгеге құрылыс нысандары салынуда | Strategy2050.kz

Ақтөбе қаласы республикамыздағы агломерация орталықтарының бірі ретінде анықталған. Осыған байланысты құрылыс секторы стратегиялық басым бағыт болып табылады, мұнда дамудың жоғары қарқыны сақталып отыр.

Қазіргі уақытта «Нұр Ақтөбе» жаңа тұрғын массивінде 1 521 пәтерлі, жалпы ауданы 93,2 мың шаршы метрді құрайтын 28 блок-секциялы тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Соның ішінде 1080 пәтер «Тұрғынүйқұрылысжинақ» жүйесімен, 234 пәтер жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй және 207 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй.

Алғаш рет 2015 жылы Ақтөбе қаласында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының желісі бойынша өтініш қабылданды. Тұрғын үйлерді өткізу кейіннен сатып алынатын жалдау арқылы іске асырылады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа объектілерге келісім жасау жоспарлануда, олар 12 ықшам аудандағы «Кең Дала» және 41 разъездегі «Алтын Дала» ықшам аудандарындағы пәтерлер.

Қалада тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі жылумен, сумен жабдықтаудың және газбен, электрмен жабдықтаудың жаңа инженерлік желілерін, сонымен қатар кәріз желілерін салуды қажет етеді. Бүгінгі күні «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында төрт көп қабатты тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысы аяқталды.

Жіңішке станциясын газбен жабдықтау желілері, Ақжар кентінің ескі бөлігі мен Мағаджан селосының электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту құрылысы аяқталды.

2015 жылы 362,8 млн. теңгеге магистральды және квартал ішілік қалалық жылу желілерінің 19 объектісін қайта жаңарту жүргізілуде. Бұл объектілер жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталатын болады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында Еуропалық Қайта жаңарту және Дамыту Банкімен бірлесіп жалпы құны 4 млрд. теңгеге жуық Ақтөбе қаласының су айдау және сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту жобаларын іске асыруды. Сонымен қатар, «Трансэнерго» АҚ және ЕБҚД арасында Ақтөбе қаласының жылу желілерін қайта жаңарту бойынша жалпы сомасы 3,1 млрд. теңгеге несиелік келісім шартқа қол қойылу сатысында. Бұл жобалар 2016-2018 жылдары іске асырылатын болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында жалпы құны 3,98 млрд. теңгені құрайтын бірнеше бағыт бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Бұл 4 білім беру, инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы объектілері. Сонымен қатар «Трансэнерго» АҚ балансындағы қазандық және жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша күрделі жұмыстар өткізілуде. Жалпы ұзындығы 16,4 км құрайтын 66 аумаққа жылу желілеріне жөндеу жүргізу және 3 қазандықты толық қайта жаңартуды іске асыру жоспарлануда. «Ақбұлақ» АҚ су құбыры және кәріз желілерін жөндеуге қатысты 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инвестиция көлемі 1,2 млрд. теңгені құрайтын 3 объектіні іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру да жалғасуда.

2015 жылы барлығы 10 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр, олардың ішінде, республикалық бюджеттен бөлінген жалпы сомасы 146 млн.теңгеге 6 үй және 2011-2012 жылдары жөнделген үйлердің меншік иелерінің қайтарымды қаржысы есебінен жалпы сомасы 100,0 млн. теңге қаржы есебінен 4 үй жөнделетін болады.

Қазіргі таңда 3 үй бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталса, қалған 7 объекті мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысының оң нәтижесін алғаннан кейін, аталған үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымына дейін аяқталады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының негізгі және жақын аумақтарын өртке қарсы қорғауды төрт өрт бөлімдері жүзеге асырады. Дегенмен, қазіргі уақыттағы қала халқының өсуіне байланысты өрт сөндіру кезінде машиналардың шығу радиусы нормаға сәйкес келмейді. Осыған байланысты, тиісті өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында 6 шығуға арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы басталды. Объекті ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Бұдан басқа, «Батыс-2» шағын ауданында жүргізушілер мен автокөлік құралдарын тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ның құрылысы жүргізілуде. Бұл кешенде тіркеу, емтихан бөлімдері, практикалық емтиханның бірінші кезеңін қабылдау және оқыту үшін арналған автоматтандырылған автодром қарастырылған. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды