• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаты ОҚО-ның жастарымен жұмысқа орналасу мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаты ОҚО-ның жастарымен жұмысқа орналасу мәселелерін талқылады

8 Тамыз, 2015 15:04
«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков облыстық жастар ұйымдарының басшыларымен жастар саясатының түйіткілді мәселелерін талқылады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Кедесуге қатысушылар жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сотталған жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету, жас кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы дін мен сенім сияқты т.б.  мәселелерді көтерді.

Ұ. Сәдібеков жастардың өкілдеріне Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» жүзеге асырылу барысы мен Парламенттің жұмысы туралы әңгімелеп,  олардың сұрақтарына жауап берді. 

Барлық жаңалықтар