• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі пластмас пен рәзіңке өнімдерін өндіру секторын сараптамадан өткізді

ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі пластмас пен рәзіңке өнімдерін өндіру секторын сараптамадан өткізді

8 Тамыз, 2015 11:34
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердегі пластмас пен рәзіңке өнімдерін өндіру секторын , проблемалары мен кедергілерін ЕЭК-тың өндірістік саясат департаменті сараптамадан өткізді, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

ЕЭК-тың өндірістік саясат департаментінің директоры Владимир Мальцев атап өткендей, сараптама нәтижесі бойынша Одақтың ішкі нарығын дамытуда алғашқы қадам Жол картаны жасақтап, қабылдау болуы керек.  Осылайша орташамерзімді уақытқа, яғни 2020 жылға дейін полимерлі өнімнің ішкі нарығын кеңейткен жөн. Бұдан басқа, полимерлі өнімдер өндірісін мұнайхимия саласынан бөлген абзал.

Аталып өткендейдей, бұл салада басты шығын полимерлі өнімдер шикізатының өзіндік құны және электр энергиясы. Сондықтан аталмыш саладағы кооперация мүмкіндіктерін қарастырып, жобаларды субсидиялауға болады.

«Жалпы мұндай кешенді жұмыс 2020 жылға қарай ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып, полимерлер  мен полимерлі өнімдердің өндірістік тапшылығы болжамын толығымен жауып тастауға мүмкіндік береді», – деп түйді В. Мальцев.

Барлық жаңалықтар