Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес» форумы өтуде

8 Тамыз, 2015 11:06
Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес»форумы өтуде , деп хабарлады «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік,  #Talks2050 –TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар:«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен. Биылғы алғашқы#Talks2050 форумы Атырау, Астана, Петропавл қалаларында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған.   

Осы жолы  #Talks2050 басты нысаны Шымкентте – мақта саласының даму болашағы мен мәселелері. Әр жылдары мақта өндірісі аймақ ауыл шаруашылығының  жалпы өндіріс көлемінде 17%-дан 40%-ға дейінгі аралықты құрайтын.

Ақпарат бойынша, 2013 ж осы сала айналасында жұмыс істеп жүрген адамдардың саны милионға  жетеғабыл. Мақта өндірісі облыстағы басымдыққа ие сала екеніне қарамастан,өңірдегі мақта өсіруге тиесілі жерлердің ауқымы жылдан-жылға қысқарып бара жатқаны жасырын емес. Себебі түрлі: жайсыз күн райы, су тапшылығы, зиякестердің зардабы.

Мақта шаруашылығын диқандар мен кәсіпкерлер үшін қалайша шығынды емес, табысты етуге болады? Мақта өсіруге аса қат су тапшылығы түйткілінің түйінін қалай тарқатуға болады? Саладағы еңбек қатынастарын қалай реттеуге болады? Жаңа технологиялардың рөлі қандай? Мақта кластері дамуының келешегі нешік? Осы жолы бұқара назарына ұсынылатын тақырып аясы осылар.

Айта кетерлік жайт, форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының аузынан мақта өндірісінің әр сала тұрғысынан түйткілдері турасында көзқарастары мен болжамдарын тыңдай алады. 

Барлық жаңалықтар