• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Қасымов: ҚР-ның Жоғырғы соты істерді конституциялық тәртіп бойынша қарастыратын болады (ВИДЕО)

А.Қасымов: ҚР-ның Жоғырғы соты істерді конституциялық тәртіп бойынша қарастыратын болады (ВИДЕО)

8 Тамыз, 2015 10:03
Ұлт жоспары «100 қадамда » сот жүйесін реформалау барысындағы басты міндет азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқығын қамтамасыз ету, осы ретте ҚР-ның Жоғырғы соты істерді конституциялық тәртіп бойынша қарастыратын болады, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ақылтай Қасымов «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Елбасының қоғамды, мемлекеттік басқаруды, оның ішінде сот жүйесін  реформалау туралы хабары еліміздің дамуындағы үлкен қадам. Біздің сот жүйеміз көп жылдар бойы өзгертілмей,  баяғы қалпында кеңестік заманындағыдай қала берді. Алайда бүгінде сот жүйесін реформалаудың басымдылықтары анықталды. Осы ретте бастысы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қамтамасыз ету», - деді  А.Қасымов.

Оның айтуынша, басты реформалардың бірі инстанцияларды азайту. Егер, бұған дейін Қазақстанда сот жүйесі бес деңгейлі юолса, енді ол үш деңгейлі жүйеге көшіріледі. Бұл ретте, Жоғырғы сот істерді конституциялық тәртіп бойынша қарастыратын болады. Ол атап өткендей, үш деңгейлі жүйеде жеделділік болады және халықаралық талаптарға сай болады.

«Бүгінгі таңда көптеген елдерде, тіпті басым бөлігінде дәл осындай сот жүйесі қалыптастырылған, онда Жоғарғы сот кассациялық сот өндірісі үлгісіндегі ең жоғарғы инстания», - деп түйді А.Қасымов.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар