ИИДМБ: СҚО-ның ауылдық округтерінде 8,8 млрд теңгеге 15 жоба жүзеге асырылды

7 Тамыз, 2015 19:14
СҚО-ның ауылдарында өткен жыл мен ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында ИИДМБ аясында 8,8 млрд теңгеге 15 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров барлық деңгейдегі әкімдердің семинар-жиналысында.

Ол атап өткендей, 2015 жылдың екінші жарты жылдығында 4, 4млрд теңгеге 237 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 6 жобаны іске қосу жоспарланған.

«Ауылдарда жұмыссыз тұрып қалған кәсіпорындарды қайта іске қосу бойынша қыруар шару атқарылуда. 2014 жылы 13 нысан пайдаланылуға берілсе, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тағы осыншама кәсіпорын іске қосылады деп күтілуде», - деді әкімнің орынбасары. 

Барлық жаңалықтар