- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Құрылысшылар күніне орай 500 орындақ жаңа емхана пайдаланылуға берілді
Алматыда Құрылысшылар күніне орай 500 орындақ жаңа емхана пайдаланылуға берілді
«Сіздер Алматыны дамытудағы маңызды жобаларды жүзеге асырып келесіздер. Олар - тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік маңызы бар нысандар, жаңа жолдар, метрополитен желілері, өнеркәсіп орындары мен мегаполистің инфрақұрылымы. Алматыдағы сәулет және тарихи ескерткіштер қайта түрленіп, қала келбеті барынша айшықтала түсуде», - деді әкім.
Мысалы, тек соңғы 7 жыл ішінде ғана қала Құрылысы басқармасы тарапынан 430 нысан салынды, олардың 117-і білім беру, 42-і денсаулық сақтау, 14-і коммуналдық жекеменшік, 12-і спорт пен мәдениет нысандары. Осы жылдар ішінде 7 миллион 606 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллион 330 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ал биылғы жылы 1 миллион 360 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соңғы 7 жыл ішінде 16 көлік жүретін жол айрығы салынды. Осы жылдар ішінде 91 жер үсті және жерасты жүргінші жолдары салынды, ал биыл тағы да 11 өтпелі жолдың құрылысы қолға алынбақ.
«Келтірілген әр санның артында біздің құрылысшыларымыздың орасан еңбегі тұр. Іске қосылған білім саласының 117 нысанын сөз етсек, бұл 18 мың оқушының бүгінгі заманға сай жаңа мектептерде білім алып жатқандығын білеміз, ал бала бақшаларда қосымша 7 мың орын ашылды. Денсаулық сақтау саласының іске қосылған 42 нысаны нені білдіреді? Бұл - тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту деген сөз. Соның арқасында алматылықтардың өмір сүру ғұмыры 2010 жылмен салыстырғанда 4 жылға ұзарды», - деді шаһар басшысы.
Аталып өткнедей, бүгін Алматы құрылысшылары өздерінің кәсіби мерекелерінің құрметіне Алатау ауданының Алғабас ықшам ауданында 500 адам қатынайтын жаңа емхананы пайдалануға берді. Алматы әкімі жаңа медициналық мекемеде болып, оның жарақтандырылуымен танысты, рентгенологиялық, флюорографиялық, ультрадыбысты, эндоскопиялық кабинеттерді және диагностикалық зертхананы аралап көрді.
Емханада мүгедектер мен қозғалуы қиын жандарды жедел медициналық қызметпен қамту, олардың қауіпсіздігін сақтау және тез арада ақпарат беріп, жайлы жағдай жасау толық қарастырылған. Бұл жаңа медициналық мекеме екі кезекпен жұмыс істейді және Ақкент, Ақбұлақ ықшам аудандарының, Алғабас, Теректі поселкелері мен қалаға қосылған саябақтар тұрғындарына медициналық сапалы қызмет көрсететін болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады