БҚО-ның маңызды автожол тораптарында 622 жаңа жол белгілері орнатылған

7 Тамыз, 2015 18:39
ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері «Жол қозғалысы ережесін сақтау – Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысын өткізді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Шараға «Қазақавтожол» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Облыстың ІІД Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері және журналистер қатысты.

Бүгінде  Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожол торабының ұзындығы 1 287 шақырымды құрайды. Автожол бойындағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3 500 автокөлікті құрайды.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері «дөңгелек үстел» қатысушыларына, «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мақсатты бағдарламасы» аясында, бүгінде облыстағы жол шұңқырларының 11 665 шақырымы жөнделді. 622 жаңа жол белгілері, 66 көрсеткіштер мен панно, 1060 дабыл бағаналары, 124 шақырым көрсеткіштер орналастырылды.

«Автомобиль жолдары бойында апатты төмендету үшін жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, қауіпті бөліктерде «Жылдамдықты барынша шектеу», «Малды басқа жерге айдау», «Бұрылыс бағыты» сияқты қосымша жол белгілері орналастырылды. Сондай-ақ, ескерту паннолары және бұрылыстарда дабыл бағаналары қойылды. Атырау-Орал бөлігінде Орал өзені арқылы өтетін көпір өткелінде жарықдиодты ақпараты ауысып тұратын ақпарат тақтасы орнатылды», - деп атап өтті Батыс Қазақстан облыстық филиалының сапа және жұмысты қабылдау бөлім бастығы Бауыржан Темірханов.

Талқылау барысында, тұрақты түрде бірлескен алдын-алу шараларын өткізіп тұру туралы шешім қабылданды. Оларды үнемі өткізіп отыру қажет, өйткені жүргізушілер жол белгілерін елемей, жылдамдықты арттырып, қарсы жол қозғалысы жолағына шығады немесе аударылып қалады.

Іс-шараның соңында, қатысушылар: «Жүргізушілерді бірлескен іс-әрекеттерімізбен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлде қайда жауапкершілікпен қарауға, жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырғымыз келеді. Сіздердің рульді басқару кезіндегі іс-әрекеттеріңізге барлық жол қозғалысы қатысушыларының өмірі тәуелді», - деп түйді Б. Темірханов.

Барлық жаңалықтар