• Басты
  • Жаңалықтар
  • МКК тауарды рәсімдеу барысында кедендік реттеуге көп көңіл бөледі – сарапшы (ВИДЕО)

МКК тауарды рәсімдеу барысында кедендік реттеуге көп көңіл бөледі – сарапшы (ВИДЕО)

7 Тамыз, 2015 17:14
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тауарды рәсімдеу барысында кедендік реттеуге көп көңіл бөледі, деп хабарлады ҚР ҚМ МКК кедендік бақылау департаменті кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Николай Марусич «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Кедендік органдар тауарды кедендік рәсімдеу барысында көп уақыт кедендік реттеуге бөлінеді. Төлемдер мен кедендік баж салығының көлемі тауардың кедендік құнына, тауар кодының номенклатурасына және берілген жеңілдіктер көлеміне байланысты. Осылардың әр бағыты бойынша кедендік органдар ауқымды жұмыс атқарады», - деп түсіндірді Н.Марусич.

Ол атап өткендей, құны бойынша жедел бағыттар – Қытай мен Түркия.

«Олар СЭҚ-қа қатысушылар кедендік құнды төмендетуге тырысатын бағыттар. Бізде кедендік құнды төмендетуді бақылауға мүкіндік беретін құралдар бар, кедендік төмендетуді болдырмас үшін барлық шараларды автоматтандыруға тырысудамыз», - деді Н.Марусич.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар