• Басты
  • Жаңалықтар
  • 100 қадам: Сот жүйесі инстанцияларын жаңғырту азаматтардың әділетке қолжеткізуін жеңілдетуге бағытталған

100 қадам: Сот жүйесі инстанцияларын жаңғырту азаматтардың әділетке қолжеткізуін жеңілдетуге бағытталған

7 Тамыз, 2015 18:56
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында ҚР Жоғарғы Соты судьясы Дәулен Нұралин Қызылорда облысы соттарының судьяларына «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру тұстарын түсіндірді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Даулен Нұралин, облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

««Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 16-қадамында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен, үш сатылы, бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылған. Ал, үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар екені баршаға мәлім. Осыған байланысты кассациялық саты облыстан Қазақстан Ресубликасының Жоғарғы Сотының құзырына ауысқалы отыр. Сот сатыларын оңтайландыру, сот төрелігінің сапасын арттырудың басты жолы болып табылады», - деді облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов.

Өз кезенгінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Даулен Нұралин, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам Елбасы реформасына нақты тоқталып, облыс соттары судьялары қатарынан Жоғарғы Сот судьясы лауазымына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, ҚР Жоғарғы Сотына судьялыққа үміткерлерге арналған негізгі талаптармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Елбасы айқындаған қадамдарда судьялықтан үміткерлерге талаптың қатаңдатылғанын, сондай-ақ, талаптарға сәйкес келетін судьялары да өздерін ұсына алатынын жеткізді. Шара соңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына үміткерлерге жасырын сауалнама жүргізілді.

Барлық жаңалықтар