Жамбыл аудандық сотына 2015 жылдың І жартыжылдығында 112 қылмыстық іс түсті

7 Тамыз, 2015 20:04
Жамбыл аудандық сотында 2015 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін атқарудағы жұмысының қортындысы бойынша судьялардың және сот мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай,   2015 жылдың І жартыжылдығында 112 қылмыстық іс түскен, оның ішінде – 109 іс аяқталған,  886 азаматтық істер түскен, оның ішінде қалдықта қалғаны 122 іс, 95 іс қараусыз қалдырылған.

«Медиатордың қатысуымен 26 азаматтық және 4 қылмыстық іс қаралған. Дыбыс- бейне жазбаны қолданумен барлығы 65  іс қаралған», - делінген хабарламада.

Жұмыс барысында  істерді сот талқылауына дайындау, дыбыс-бейне жазбасын пайдалану,  күшін жойған және өзгертілген сот актілерінің сапасын  талқылады.

Барлық жаңалықтар