- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» мектебіне тапсыру үшін 9 сыныпты аяқтау керек – ҚР ҚМ (ФОТО)
«Жас ұлан» мектебіне тапсыру үшін 9 сыныпты аяқтау керек – ҚР ҚМ (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне іріктеу 7 сыныптан жүргізілді.
«Жас ұлан» мектебіне түсу үшін жасөспірімдерге кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы тексерісі мен медициналық куәландырылудан өту қажет. Қабылдау кезеңдерін сәтті өту соңғы байқау іріктеуіне өтуді қамтамасыз етеді. Мұнда үш кезең мен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайы нәтижелеріне сәйкес қабылдау комиссиясы негізгі рейтингтік балл шығарады және оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Айта кетейік, байқау іріктеуін бозбалалар тікелей «Жас ұланда» өтетін. Сондықтан 10 тамызда олар еліміздің әр өңірінен Астанаға келеді.
«Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді терең оқытатын, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығы бар жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны. Құрылған күннен бастап және қазіргі күнге дейін мектеп ұландардың 13 шығарылымын жүзеге асырды. Биылғы жылы «Жас ұлан» қабырғасынан 75 жеткіншекті шығарып салу рәсімі өтті. 2013-2014 жылдары мектепті 122 ұлан тәмамадады.
Бүгінде олардың барлығы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қытай, Украина, Түркия, Германия Қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарының қазақстандық курсанттары болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек