• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында 197 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлер пайдаланылуға беріледі

Алматы облысында 197 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлер пайдаланылуға беріледі

7 Тамыз, 2015 14:48
Алматы облысында 215 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр, оның 197-сін осы жылы іске қосу жоспарланған, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Темірлан Бектасов хабарлағандай, 2015 жылы басқарманың бюджеті 45,5 млрд. теңгені құраған. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 13,4 млрд. теңге, жергілікті қазынадан 27,9 млрд. теңге, Ұлттық қордан 4,2 млрд. теңге бөлінген.

Жалпы, биылғы жылы Алматы облысында 215 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Оның 197-сін осы жылы іске қосу жоспарланған. Олардың 97-сі - тұрғын үй, 32-сі - білім беру нысаны, 11-і - денсаулық сақтау нысаны, 30-ы инженерлік-коммуникациялық жүйелер, 27-сі - әлеуметтік нысандар.

Барлық жаңалықтар