• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҰУ Қазақстанның оқу орындары арасындағы Универсиада да 17 алтын және 2 күміс медальға қол жеткізді

ЕҰУ Қазақстанның оқу орындары арасындағы Универсиада да 17 алтын және 2 күміс медальға қол жеткізді

7 Тамыз, 2015 14:32
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ҚР жоғары оқу орындары арасындағы VІІІ жазғы Универсиадасының чемпионы атанды, оқу орны 17 алтын және 2 күміс медаль иеленді, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ҚР жоғары оқу орындары арасындағы VІІІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 92 команда қатысты.

Еуразиялық ұлттық университетінің 250-ден астам студенті баскетбол, регби, футбол, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, гандбол, қазақша күрес,  самбо, еркін күрес, грек-рим күресі, кикбоксинг пен қол күресінен жоғары нәтиже көрсетті.

Универсиаданың күміс медалін әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, қола медальді М.Әуезов атындағы Оңтүсік-Қазақстан мемлекеттік университеті иеленді.

Айта кетерлік жайт, жеңімпаздарды марапаттау жаңа оқу жылында өтетін болады. 

Барлық жаңалықтар