Таразда «Мектепке жол» акциясы аясында 1600 оқушыға көмек көрсетіледі

7 Тамыз, 2015 12:03
Тараз қаласында ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 1600 оқушыға көмек көрсетіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, егер 2013 жылы Тараз қаласында акциямен - 1300, 2014 жылы - 1500 бала қамтылған,  ағымдағы жылы 1600 мектеп оқушысына көмек көрсетіледі. Көптеген меценаттар қатарында бірқатар ұйымдар, кәсіпкерлержәне қарапайым азаматтар бар, олар өздері туралы ешкімге жарияламай-ақ балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қол ұшын созып келеді.

«Биыл біз қаламыздың барлық кәсіпкерлерінен көмек сұрауды жөн көрдік, оның ішінде мейрамханасы немесе кафесі бар және өзгеде тамақтандыру саласындағыларды тартудамыз. Мектепке қажетті заттар сапалы болуы үшін бір оқушыға көрсетілетін қаржылай көмек 10 мың теңгеден кем болмауы тиіс», – деді Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің бастығы Гүлзия Зауырбекова.

Өткен жылы акция шеңберінде 178 млн теңге материалдық көмекке 22 мыңға жуық бала жаңа оқу жылына дайындалды. Ал, ағымдағы жылы меткеп табалдырығын алғаш рет 26 мың бүлдіршін аттайтын болады. 

Барлық жаңалықтар