- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да тұрғын үй құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
СҚО-да тұрғын үй құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Ол атап өткендей, бiрiншi жарты жылдықта өңiрдегi құрылыс көлемi 169 пайызды құрады. Үстiмiздегi жылы тұрғын үй құрылысына 6 млрд теңгеден аса қаражат қарастырылған. Бөлiнген қаражат пен тұрғындар қаражаты есебiнен 124,5 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл соңына дейiн 5 тұрғын үй, жас отбасыларға арналған 2 жатақхана, спорт сарайы тапсырылады. Мектептер мен балабақшаларды тұрғызу жұмыстары жалғасуда, қонақ үйлер мен демалыс орындарының құрылысы басталды. Сондай-ақ өңiрде автокөлiк жолдарын салуда үлкен жұмыс атқарылуда.
«Елбасының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» ауқымды инфрақұрылымды дамыту жоспарын жүзеге асыру аясында құрылыс саласы қызметкерлерiнiң маңызы анағұрлым арта түсетiнiн атап өттi. Қазiргi құрылысшылар мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсендi қатысады», - деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.
«Жыл сайын облыста тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер мен мектептер, балабақшалар мен денсаулық сақтау нысандары, салынып жатқан жолдар соның айқын дәлелi. Осы нысандардың барлығы халықтың тұрмысын жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға арналған. Алдағы уақытта да облысымыздың мәртебесiн көтерiп, мерейiн асыратын сәулеттi ғимараттар көбейетiндiгiне сенiм мол. Сiздерге және Сiздердiң отбасыларыңызға амандық тiлеймiн. Елiмiздiң, өңiрiмiздiң өркендеу жолындағы еңбектерiңiз табысты болсын!»,-деп жалғастырды Ерiк Сұлтанов.
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң бұйрығымен «Құрметтi құрылысшы» төс белгiсiмен 7 солтүстiкқазақстандық құрылысшы, «Құрметтi жолшы» төс белгiсiмен «Коммунстройсервис» ЖШС директоры Василий Айдаков, «СУ-808» ЖШС директоры Виктор Ли Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, Ұзақ жылғы адал еңбегi, құрылыс саласын дамытуға қосқан қомақты үлесi үшiн және кәсiби мереке — Құрылысшылар күнiне орай Солтүстiк Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен 34 құрылысшы марапатталды.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары