- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да мемлекеттік органдарға жыл сайын тапсыратын құжаттар саны 42 миллионға қысқарған
ҚР-да мемлекеттік органдарға жыл сайын тапсыратын құжаттар саны 42 миллионға қысқарған
«Қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыру және оларды ұсыну стандарттарын қайта қарау есебінен мемлекеттік органдар бұрын талап етіп келген 177 құжаттың көшірмелері қысқартылды. Жалпы көрсетілген қызметтердің саны бойынша азаматтардың мемлекеттік органдарға жыл сайын тапсыратын құжаттар саны 42 миллионға қысқарған. Бұрын 60 миллион құжат талап етіліп келген болатын. Ағымдағы жылы тағы 122 құжат түрі қысқартылып, мемлекеттік органға тапсыратын миллиондаған қағаз санын қысқартуға мүмкіндік береді», - деп Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
Оған қоса, қазіргі күні Қазақстанда азаматтардың «жеке кабинеті» жобасы әзірленіп жатқанын да айтып өтті. «Жеке кабинет» азаматтар мен мемлекеттік органның өзара ақпарат алмасуының бірыңғай ортасы болмақ. Мемлекеттік қызметтің көрсетілгені немесе салық, айыппұл төлемдері туралы ақпараттар азаматтың «жеке кабинетіне» келіп түсетін болады.
iOS және Android бағдарламалары үшін әзірленген электрондық үкіметтің «eGov» мобильдік қосымшасын дамыту аясында жаңа қызметтер пайда болмақ. Олардың қатарында-жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы ақпаратты алу, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспанаға кезектің жылжуын біліп отыру қызметтері.
Бұлардан басқа, электрондық үкімет порталында электрондық ақшаның көмегімен төлем жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні жылдың басынан бері egov.kz арқылы жүргізілген транзакция сомасы 774 296 642 теңгені (2012ж. 5,5 есе аз жүргізілген–140 762 073 теңге) құрағанын айтып өткен жөн. Сондай-ақ, болашақта қазақстандықтар онлайн тәртібінде тауар белгісін тіркеп, инновация мен зияткерлікке немесе т.б. патент алу мүмкіндігіне ие болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 30 жаңа қызмет түрі іске қосылып, 200 ден астам рұқсат беру үдерістері автоматтандырылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді