- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі акциясы өткізілді
Қарағанды облысының жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі акциясы өткізілді
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы және Қарағанды облысы «Қазақавтожол» РМК бірлесе отырып, республикалық маңызы бар автомобиль жол бойында жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі акция өткізді. Акцияның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.
Акция Қарағанды-Теміртау автожолының қозғалысы ең көп «Екатеринбург-Алматы» бөлігінің 1444-1457 шақырымында өтті. Ол жердегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 20 мың, ал Қарағанды-Абай бөлігінде тәулігіне 16 мың автокөлікті құрайды.
Қарағанды-Абай бөлігінде жүргізушілердің назарын аудару үшін көлік апатынан кейінгі автомобиль салынған эвакуатор көруге қойылды.
Акция барысында, жол полиция қызметкерлері автомобильдерді тоқтатып, ұйымдастырушылар жол қозғалысы қатысушыларымен жол қозғалысы ережесін, қауіпсіз жылдамдық тәртібін, басып озу, орағыту ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер