• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында газдандыру аясында ауылдарды магистралды газ құбырына қосу жүргізілуде

Қызылорда облысында газдандыру аясында ауылдарды магистралды газ құбырына қосу жүргізілуде

7 Тамыз, 2015 10:23
Қызылорда облысында іске асырылып жатқан аудан орталықтарын газдандыру бағытындағы жұмыстар Жаңақорған кентінде қарқынды жүргізіліп келеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, бұл орайда мердігер мекеме мен жергілікті атқарушы орындардың бірлесе жасап отырған іс-қимылы жұмыстың тоқтаусыз жалғасуына ықпал етуде.

Қазіргі кезде Жаңақорған кентінде «Автоматтандырылған газ тарату стансасының» (АГТС) сыртқы қоршау жұмыстары аяқталып, іргетастары толығымен құйылды. Сонымен қатар, кентті «Шымкент-Бейнеу» магистральді газ құбырына қосу аралығының құрылыс жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді. Жалпы нұсқаулыққа сай, құбырлар сынақтан өткізіліп барып қана пайдалануға қосылады.

Ал, кент ішіндегі газ тарату 13 шағын газ пункті арқылы атқарылады. Пункттер МАИ бекеті, «Ипподром» және 6-крант аумағымен болса, 17 көшеде жүргізілуі тиіс. Нақты кезеңде құбырлар салына бастады. Оған 120 жұмысшы жұмылдырылса, оның дені жергілікті тұрғындар.

Барлық жаңалықтар