NADLoC жергілікті қамтуды арттыру мақсатында жобаларды сараптауда

7 Тамыз, 2015 09:31
«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ) ірі жобаларға тарту және жергілікті қамтуды арттыру жолымен отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жобаларды сараптау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мысалға, Агенттік «Абу-Даби Плаза» көп қызметті кешенінің Бас мердігерімен кездесулер өткізді, олардың қорытындысымен  «KSPSteel» компаниясы метал құрамаларын жеткізуге арналған Шарт жасасты.

Аталып өткендей, Теңізшевройл жобаларының жалпы құны 38,8 млрд. долл. құрайды. Жобада жергілікті қамту үлесін 32%-дан 44%-ға арттыру бойынша міндеттемелер көзделген. «Бүгінгі күні ТШО дерекқорына тауарларды жеткізу бойынша 649 компания және қызметтерді көрсету бойынша 751 компания енгізілген.  1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық нарыққа 17,1 млрд. долл. астам қаржыны инвестициялады, оның ішінде 2014 жылға 2,4 млрд. долл. тиесілі», - делінген хабарламада.                     

2015 жылдың бірінші жартыжылдығына ТШО отандық тауарөндірушілерден тауарлар мен қызметтерді 300 млн. долл. (55,5 млрд. теңге) сомасына сатып алды. Алдын-ала сатып алу сомасы 800 млн. долл. (148 млрд. теңге) бағаланады. «Белкамит» ЖШС-мен 165 млн. долл. (30 млрд. теңге) сомасына метал құрамаларын жеткізуге арналған шарт жасасу жоспарланып отыр.

Бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі міндеттемелер шеңберінде, Жобаның жобалаушысы ретінде ТШО «КазГипроНефтеТранс» Инжинирингтік компаниясы» ЖШС, «Қазақстандық мұнай және газ институты» АҚ, «Уорли Парсонс» және «ФлюорҚазақстан» арасында 50%-дық қазақстандық қатысумен KPJV бірлескен кәсіпорны құрылды.

«Жобаны қолдау аясында Қазақстанда модульдерді шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Дэу Шипбилдинг энд Марин Инжиниринг» («ДШМИ») және «Ерсай» консорциумы құрылды. «ДШМИ» және «Ерсай»бірлескен кәсіпорындардың ресурстарын қолдана отырып, Қазақстан аумағында 56 мың тонна құбыр эстакадаларын өндіру жоспарлануда», - деп агенттіктен хабарлад.

Меморандумды орындау шеңберінде ТШО ел аумағында клапандарды құрастыру және қызмет көрсету бойынша өндірістік қуаттылықтар жасау бойынша «Камерон Валвз» компаниясымен және құбырларды кесу зауытын құру бойынша«Тенарис» компаниясымен белсенді жұмыс жасайды.

Барлық жаңалықтар