- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қызылордада құны 52,1 млрд теңге шыны зауытының құрылысы қарқынды жүруде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ИИДМБ: Қызылордада құны 52,1 млрд теңге шыны зауытының құрылысы қарқынды жүруде (ФОТОРЕПОРТАЖ)




«Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан аталған зауытқа арнап 50 гектар жер бөлінді. Бюджет есебінен негізгі инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. Бұл жерде негізгі ғимрат саналатын дайын өнімдері қоймасының іргетасын қалау жұмыстары жүруде. Жер қазу жұмыстары 80 пайызға аяқталса, іргетасын бетондау 20 пайызға орындалды. Алдағы аптадан бастап металл құрастыру жұмыстарына кіріседі. Оған қажетті заттардың барлығы дайын. Бұл зауыт өңірдегі алып құрылыстардың бірі. Құрылыстың сапасын ұдайы бақылауда ұстап отырмыз», - дейді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.
Әкімдіктен хабарлағандай, зауыт жылына 197 мың тоннадан астам табақша шынысын шығармақ. Шыны өндірісіне қажетті шикізаттың 95 пайызы жергілікті жерден. Яғни, Арал ауданының кварц құмы, доламит пен әк тасы пайдаланылады. Тек сырттан келетін кальцийлендірілген сода шикізатын болашақта «Аралтұз» АҚ-мен біріге отырып өңірімізде өндіру жоспарлануда.


Жобаның жалпы құны 52,1 миллиард теңге. Қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму банкі» АҚ бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы мен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестор ретінде қаржыландыруда.
Қойманың ұзындығы 300 метр, ені 150 метр. Қазір мұнда 100-ден астам адам жұмыс жасап жатыр. Құрылыс жұмысы ұлғайған кезде 300 адам жұмыс жасайтын болады. Ал зауыт толық іске қосылғанда тұрақты 350-400 жаңа жұмыс орны ашылмақ.



«Қазір құрылыс жұмыстарына 17 техника жұмылдырылып отыр. Бетон шығаратын, арматура кесетін секілді шағын цехтар орнаттық. Барлығы кесте бойынша жүруде. Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Оларға демалу және тамақтану үшін арнайы шағын қалашық жасадық», - дейді «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры Биғалы Тоқаев.
Бұл зауыттың бір ерекшелігі, мұнда энергия үнемдейтін де шыны шығарылады. Жалпы, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қазан айында аяқталады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар