• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында гектарынан 13-15 ц астық түседі деп күтілуде – әкімдік (ФОТО)

Ақмола облысында гектарынан 13-15 ц астық түседі деп күтілуде – әкімдік (ФОТО)

7 Тамыз, 2015 08:54
Ақмола облысының әкімі Шортанды ауданына жұмыс сапарымен барып, «Сағым-Бидай» ЖШС егін алқабын аралады және астықтың өсімімен танысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақ басшысы Жексенбай Қасқарбаев басшылық ететін А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен кездесті.

«Жалпы аймақтағы дәнді-дақылдардың өсімі өте жақсы. Ағымдағы жылдың ауа-райының қолайлылығы биыл түсімнің  мол болуына үміттенуге мүмкіндік береді. Жалпы, аталмыш қожалықтың егін алқабынан гектарынан 13-тен 15 ц дейін түсім болады деп күтілуде», - деп өз қорытындысымен ғалым бөлісті.

Облыс әкімі қожалықтың егін алқабындағы астықтық өсіміне жоғары баға берді. Сонымен қатар диханшыларға жақсы жұмысы үшін алғыс білдіріп, ағымдағы жылы мол астық жинауларына тілектес екенін жеткізді.

Бұдан басқа, өңір басшысы аудандағы  бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. 

Барлық жаңалықтар