- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда медиация үш бағыт бойынша жұмыс істейді (ВИДЕО)
Қазақстанда медиация үш бағыт бойынша жұмыс істейді (ВИДЕО)
«2012 жылдың сәуірінде біз Әлеуметтік серіктестік пен медиация орталығын ашатын болып шештік. Мақсат бір-бірімізбен жақын араласу үшін осындай медиация орталықтарын біріктіру болатын. Ол кезде біздің қандай бағытпен жылжитынымызды нақ басып айту қиын болатын»,-деді Ш.Оразбаева.
Медиация орталығының іске қосылған үш жылда қалың көпшілік оған заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық медиация, отбасылық медиация және еңбек дауларын сотқа дейін шешу мәселелері сияқты үш бағыт бойынша қайырылады.
Директордың сөзінше, Орталықтың жұмысы барысында медиацияның ресми түрдегі 30 оқиғасы болды. Ал ресми емес медиациялар саны одан да көп.
«Интернетте біздің телефон нөміріміз бар болмаса медиатр.кз орысша жазып, бізбен хабарласуға болады. Көптеген консультациялар тап осы телефон арқылы беріледі. Бізге көбіне еңбекті қорғау, жалақыны алу, сияқты мәселелер бойынша көп келеді»,-деді Ш.Оразбаева.
Сондай-ақ ол орталықта гендерлік теңсіздік пен 25 жастан кейін тұрмысқа шығудың қиындығы туралы зерттеу жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.
«Бірінші зерттеу, яғни гендерлі теңсіздік мәселесі біздің әйел азаматтарды саясат пен бизнест әлеуметтендіруге қатысты. Екіншісі, Қазақстанда бүгін 25 жастан асқаннан кейін тұрмысқа шығудың қиындығымен ұштасып жатыр. Бұл біздің ұлттық әл-ауқаттың артуымен байланысты туындаған проблема. Біз қазір көп уақытты оқу мен жұмыстағы әлеуметтену мәселесіне жұмсап, отбасылық өмір кешігіп қалады. Бұл өте өзекті тақырып»,-деді ол.
Әлеуметік серіктестік пен медиация орталығы консультация сияқты технологияларды дамытумен де айналысады.
«Біздің орталық үлкен ақыл-кеңес беретін орталыққа айналды. Сондай-ақ ол отбасылық құқық саласы бойынша кеңес беретін алаңға айналды. Мұнда кәсіби беімделу туралы, әкелік құқық сияқты мәселелер төңірегінде де әңгімелесуге болады. Медиация халықтың проблемалары бойынша күнде көмектеседі»,-деді Ш.Оразбаева.
Анар Тәңірқұлова
.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады