- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да е-үкіметті дамыту тәжірибесі Сеулде өтіп жатқан Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумда талқыланды
ҚР-да е-үкіметті дамыту тәжірибесі Сеулде өтіп жатқан Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумда талқыланды
««Ақылды үкімет және қоғам: ашықтық, тәжірибе алмасу, коммуникация және әріптестік» тақырыбына арналған пленарлық отырыс пен дөңгелек үстел барысында әлемнің 40 елінен жиналған делегаттар алдында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сарсенов пен «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева қазақстандық электрондық үкіметтің дамуы мен жетістіктері және болашағы туралы айтып берді», - деп хабарламада нақтыланған.
Форум қатысушылары Қазақстанның аз уақыт ішінде бұл салада айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауына сәйкес, 2012 жылы Қазақстан Республикасының е-үкіметі даму деңгейі бойынша әлемде 38- орынды иеленсе, электрондық қатысу индексі жөнінен 2- орынға ие болды. Ал, 2013 жылдың мамырында электрондық лицензиялаудың қазақстандық жүйесі WSISProjectPrizes халықаралық байқауының «E-Business» номинациясын жеңіп алды.
Журналистермен жүздесу барысында Сәкен Сарсенов елімізде мемлекеттік қызметтер және сервистерді автоматтандыру мен оңтайландыруда атқарылған іс-шаралар, сондай-ақ электрондық үкіметті одан әрі дамытудың жоспарлары туралы толығырақ әңгімелеп берді. Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін 551 қызметтер мен сервистер автоматтандырылса, келесі жылы рұқсат құжаттарының барлық түрін автоматтандыру процесі аяқталады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады