• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік кірістер комитеті тарифтік реттеу шараларының сақталғандығын айтты (ВИДЕО)

Мемлекеттік кірістер комитеті тарифтік реттеу шараларының сақталғандығын айтты (ВИДЕО)

6 Тамыз, 2015 19:32
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру мен бақылау басқармасы жетекшісінің орынбасары Николай Марусич ведомствоның тарифтік реттеу шараларының орындалуы туралы айтты.

Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында, сондай-ақ Ұлт жоспарында Қазақстан экономикасын дамытуға, соның ішінде әсіресе еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Транзиттік әлеуетті арттыру үшін инфрақұрылымның өзін дамытып, кедендік рәсімдеу шараларының уақытын үнемдеу үшін кедендік процедураларды жеңілдету керек.

Вдомство мәліметтерінде, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сыртқы экономикалық қызметіндегі  тарифті реттеу  шараларын орындау үшін бірінші кезекте елдің экономикасында болып жатқан үрдістерді, әсіресе сыртқы экономикалық қызметпен байланысты ерекшеліктерді  жақсы түсіну керектігі айтылған.        

«Кедендік-тарифтік реттеу – кедендік алымдар мен процедуралар және ережелерді пайдалана отырып, сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу тәсілдерінің қосарлануы. Кедендік-тарифтік реттеу сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері. Оның басты құралы сыртқы экономикалық қызметтің тізімімен реттелген  кедендік тариф, кедендік ставкалардың тізімі, кедендік алымдар.  Кедендік алымдар негізгі үш қызметте атқарады. Біріншіден ол бюджетті фискалды жолмен толықтырады, протекционистік отандық тауар өндірушілерді қорғайды, теңдестірілгені қажет емес тауарлардың экспортталуын шектейді»,-деді Н.Марусич.  

Оның сөзінше, өздерінің қызметтерінде кеден органдары кедендік төлемдердің толық болуын бақылайды. Осылайша, кедендік алымдардың ауқымы басты үш мәселеге байланысты. Біріншіден кедендік құнға, тауарлар тізімінің сыртқы экономсикалық қызмет тізімі негізінде жасақталуына және сыртқы экономикалық қызметтің жеңілдіктер мен басымдықтарына байланысты.    

«Осы үш бағыт аясында кедендік органдар бақылау жүргізеді. Ең бірінші алаңдататын мәселе тауарлардың кедендік құнына байланысты. Бүгінде кедендік рәсімдеуден мүмкіндігінше жылдам өтуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Сондықтан біз бұл процедураларды мүмкіндігінше, автоматты етуге тырысып отырмыз»,-деді Н.Марусич.  

 

   

 

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар